«Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 187 мектептің құрылысына байқау жарияланды. Мемлекеттік жобаға жауапты «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы бүгін байқаудың шарттарын түсіндірді. Жаңа стандарттағы білім ошағының қарапайым орта мектептен айырмашылығы техникалық жабдықталуында болмақ. Қазіргі мектептердің заманауи құралдармен жарақтануы 6 процент деңгейінде. Ал «Жайлы мектеп» жобасымен салынатын білім нысандарында бұл көрсеткіш 25 процентке жеткізілмек. Оған қоса, спорт залы да оқушылардың санына қарай салынбақ. Яғни, бала көп болса, бір емес бірнеше алаңмен қамтылады. Заманауи мектептерді салуға тек тәжірибелі мердігерлер тартылмақ. Жалпы, 2025 жылдың аяғына дейін 400 жаңа мектеп салу көзделген. Осылайша 800 мыңнан астам оқуға заман талабына сай біліммен қамтылып, үш ауысыммен оқу мәселесі шешілмек.