Бұл жерде алғашқы барлау жұмыстары 1959 жылы басталды. Ал 1961 жылы алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Бүгінгі шығарылым еліміздегі ең ірі мұнай компанияларының бірі «Өзенмұнайгаз» АҚ жайында болмақ. Бұл кәсіпорынның басты бағыты мұнай және газ өндірісімен қатар, газ бен оның конденсатын өңдеу. Мұнда мұнай 2 кен орнынан, ал газ 7 кен орнынан келеді. Құрылғыларды жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп келеді.