Бүгін Алматыда қатты қар жауып, көктайғақ болды. Ауа райының құбылуына байланысты әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Қазір мегаполистегі коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша ертең таңғы 4-ке дейін қар аралас жаңбыр жауады. Қардың қалыңдығы шамамен 8-10 сантиметрге дейін жетеді деп болжанды. Осыған байланысты қалада көлік кептелісі артып, такси қызметі қымбаттаған.