Шымкент қаласында «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру үшін 247 миллион теңге бөлінді. Аймақты абаттандыру жыл соңына дейін аяқталмақ. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде 3 шақырым жер жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, Бадамның қос жағалауында қалалықтар серуендеп тынығатын орын болады. Ербол Ахметов, қалалық Құрылыс басқармасының басшысы: –Бадам өзенінің жан-жағы түгел абаттандырылмаған, қоршалмаған еді. Бұл өзеннің жан-жағында аз қабатты тұрғын үйлер көп орналасқан. Су көп келген кезде сол үйлерді шайып кетпеу үшін осындай шешім қабылданған болатын. Перепадной мост дейміз ғой, сондайдың 7-еуі соғылған. Бүгінгі таңда тағы екі перепадной мостты созып жатыр және жаяу көпірден өтуге бір көпір салынуда.