Қазақстанда гүлге деген сұраныс артты. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, осы жылдың қаңтар - ақпан айында елімізге 25 млн-ға жуық гүл жеткізілді. Айта кеткен жөн Қазақстандық арулар көбіне, раушан гүлін сыйлағанды ұнатады екен. Ал 8 - інші наурыз қарсаңында қызғалдақтың саудасы қызады. Саягүл Исаева 8 - інші наурызда құттықтаулар қабылдаудың орнына жұмыс істейді. Құрбысы екеуі мереке күндері гүл сатып пайда көреді. Биыл 5 мың қызғалдаққа тапсырыс берген. «Пайдасы көл – көсір», дейді. Саягүл Исаева, сатушы: - Біз бір жарым млн теңгеге гүл алдық. Бұл өз - өзін артығымен ақтайтын бизнес. Бірнеше күннің ішінде бір миллион теңге деген өте жақсы табыс. Бірақ, оңай емес. Тәуліктеп ұйықтамай жұмыс істейміз. Саягүл секілді саудагерлер заңды түрде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге кесе - көлденең келеді. Мысалы, Әсемгүл Бердиярованың бұл бизнесте жүргеніне 7 жыл болады. Сауда үйінде нүктесі бар. Сондықтан ол осындай бір - екі күндік "іскерлерге" тыйым салынса дейді. Әсемгүл Бердиярова, кәсіпкер: - Әрине олар бізге бәсекелестік жасайды деп, енді қатты жасайды деп айта алмаймын. Бірақ ол дұрыс емеп. Себебі біздер жаңағы Үкіметке налог төлеп отырғаннан кейін бізге ешқандай бәсекелес туғызбау керек. Бірақ, бұл гүл саудасын тоқтатқан емес. Мәселен, былтыр Қазақстанға 20 млрд теңгенің гүлі импортталған. Сұраныс 8 - інші наурыз мерекесінде артады. Биыл да солай: жігіттер жағы жақындары мен сүйіктісін қуантуға асық. Блиц: - Ең бірінші кезекте анама гүл алып беремін. Және жақын достарым, қыз жолдастарға, қызыма алып беремін әрине. Бір 8 мың, 9 - мың сондай маңайды. Қатты қымбат емес. - Тюльпан гүлдері жақсы және де роза. Өзіме ұнайтыны роза гүлі. Осы екі гүлді алуға тырысамын. Яғни, қанша ақша кетіретін болсаң, өзің қанша қалайсың сонша кетеді ғой. Жаңағы, көп кетіргің келсе, көп кетіресің. Бір 20-30 мыңдап, кейде одан да көп болады. - Гүлдің құны кетіп қалады. Өйткені, қазір айтсам оның бағасын. Жалпы, гүлді мен анама, қарындасыма және де тағы коллегама алып жатқаным ғой. Мерекеден кейін сауда да, құшақ - құшақ гүл де солады. Экспорттың күйі де сондай. Былтыр Қазақстаннан 1,2 млрд теңгенің гүлі сатылған. Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Виктор Полянный, Артур Горшняков