Маңғыстаудың құмды даласында сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді, деп хабарлады inaktau.kz. Соғды қызғалдақтарының суретін жергілікті тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) – биіктігі 10-25 сантиметрге жететін көпжылдық өсімдік. Қызғалдақтың бұл түрі наурыздан сәуірге дейін гүлдейді. Ол Қызылқұм, Қарақұм, Маңғыстаудың құмды немесе тасты шөлдерінде өседі. Соғды қызғалдағы – Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік.