Сұрмергендер елордада бас қосты. Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет садақ атудан халықаралық жарысты қабылдап жатыр. Байрақты бәсеке еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы және астанамызда осы спорт түрінің негізін қалаушы Светлана Лиді еске алуға арналды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпрінінен және көрші мемлекеттерден 80-ге жуық қатысушы жиналды. Олар енді 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы жарыс күні іріктеу сындары өтті. Алдағы уақытта бұл бәсекені тұрақты ұйымдастырып, Азия және Әлем Кубоктарының кезеңіне айналдыру жоспарланып отыр. «АСТАНА» ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІН ЖАРИЯЛАДЫ Бес миллиард теңге «Астана футбол клубына биылғы бюджеті осындай. Бұл жөнінде елордалық команда арнайы мәлімдеме жасады. «Астана» клубының бюджеті 15 миллиард теңге деген ақпарат жарияланды. Ал негізгі сома әлдеқайда төмен делінген ресми сайтқа жарияланған хабарламада. Бірақ қаржы көзі жайында ештеңе айтылмаған. Біз бұған дейін өңірдегі әкімдіктерге сұрау салып, жергілікті бюджеттен кәсіпқой футбол клубтарына бөлінентін қаржыны білдік. Нәтижесінде, ең көп ақаны ел чемпионы болған «Тобыл» алып отыр. Бірақ, бюджеттің ауқымы команданың әлеуетіне байланысты бола бермейді. Мәселен, қазынандан тым көп қаржыа алатын командалардың бірі «Тараз» биыл турнир тізімінің төменгі сатыларынан табылды.