Ол сыбайластарымен бірге тұрғындардың сеніміне кіріп, автонесие рәсімдеуге уәде берген. Қаражатты қалтаға басқанда ізін суытып отырған. Алаяқтар осындай жүйемен 231 адамды сан соқтырып кеткен. Жымқырылған сома 3 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл оқиғалар бойынша 2022 жылы қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. Нұрлан Аманиязов, Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі: - Күдікті тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару, белгілі қызметті атқаруға өмір бойына айыра отырып, 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.