Батырлардың есімі жазылып, ескерткіш тақта орнатылған саябақта мәңгілік алау бірнеше айдан бері жанбай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті билік Жеңіс күнін тойлауға әлі дайын емес секілді. Көше шамдары да құлауға шақ тұр. Тіпті кейбірі сынып, жарамсыз болып қалған. Жауаптылар жуық арада бүлінген шамдарды қалпына келтіріп, мәңгілік алауды жағуға уәде беріп отыр. Тіпті ол үшін қазынадан қаржы да бөлінген. Қанатжан Жылқыбаева, қалалық ТҮКШ бөлімі абаттандыру секторының инспекторы: - Балалардың шамдарды таспен лақтырып шағуына байланысты істемей қалды. Қазір жөндеу жұмыстарын толығымен жүргізіп жатырмыз. Қаражат бөлінді, саябаққа гүлзар отырғызуға, көгалдандыруға. Сонымен қатар мәңгілік отқа қаражат бөлінді. Жеңіс мерекесіне дейін барлығы қалпына келтіріледі.