«Хабар 24» арнасының жаңа жобасы Мемлекет басшысының қызметіне арналады. Президенттің жоғары деңгейдегі кездесулері, өңірлер мен сырт елдерге сапарлары, маңызды жиындарда айтқан бастамалары туралы жан-жақты мәлімет беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Күнделікті жаңалықтарда көрсетіле бермейтін эксклюзивті кадрлар мен диалогтар да осы бағдарламада болады. Оны алғашқы шығарылымнан-ақ аңғарасыздар. Алғашқы шығарылым Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары жайында болмақ. Баку сапары туралы айтатын тың ақпарат мол. Бағдарламаны «Хабар 24» арнасының арнайы тілшісі Әділ Балтабаев жүргізеді. Әділ көзбен көргенін, ойға түйгенін електен өткізіп, ең «дәмдісін» көрерменге ұсынады. «PRESIDENT» арнайы жобасын әр жексенбі күні сағат 20:30-да көре аласыздар.