Ал Абай облысының Абай ауданында ең әдемі киіз үй байқауының жеңімпаздары анықталды. Наурыз мейрамына орай 10 мекеме мен 5 көшенің тұрғындары 20-ға жуық киіз үй тіккен. Арнайы комиссия киіз үйлердің ішкі-сыртқы безендірілуіне ғана емес, қатысушылардың өнеріне де баға берді. Байқау қорытындысында 1 орынды иеленген киіз үйге 500 мың теңге табыс етілді. Бақытжан Қалбабаев, Абай аудандық ауруханасының бас дәрігері: - Биылғы дайындығымыз ерекше. Таңдаған тақырыбымыз Шәкәрім атамыздың 165 жылдығы, Мұрат Әуезовтің мерейлі мерейтойы. Сол кісілердің образдарын сомдадық және біздің мекеме Наурыз қыздың образын да алып шықты. Төлеубек Аманғазыұлы, комиссия мүшесі: - Жаңа кіріп қарап шықтық. Дайындықтары керемет.Қазақтың ұлттық тағамдары. Бір үйден бірі асып түседі. Қарын бүрме, өрме төс. Біз естімеген тағам түрлерін көрдік.