Бұл қысқа қажетті қордың – 45%. Аймақта жем-шөп қорын жасақтау жөнінде жоспар бекітіліп, облыстық және аудандық штаб құрылған. Сыр өңірінде екі күндік іссапармен жүрген Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев шөп жинау барысымен танысты. Қазір мал азығына сұраныс артқан сайын бағасы да көтеріліп барады. Осы орайда Ербол Қарашөкеев өзге өңірлерден жем-шөп тасымалдауға арнайы жеңілдік болатынын жеткізді. Сонымен қатар су тапшылығы мәселесі мемлекетаралық деңгейде шешілмек. Қазақстан мен Тәжікстан премьер-министрлері өзен бастауындағы гидроқоймалардан Сырдарияға қосымша су жіберу жөнінде келісімге келген. Одан бөлек, уақытында төленбей қалған субсидия таяу арада берілмек. Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы: – Былтырғыдан қарызы қалған 318 шаруа қожалығы бар екен. Мал азығының субсидиясы ғой. Соның бәрін төлетіп, 390 млн теңге арнайы бөлініп жатыр. Біз ол үшін субсидиялау ережесіне өзгерістер енгіздік.