Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы жемқорлық үшін сотталды. Алмат Жаныспаев кәсіпкерден «Қамқорлығы үшін» 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот отырысы 8 желтоқсанда өтті. Азаматтық қорғау подполковнигінің ісін Қостанай қаласының №2 соты қарап, 5 жылға үкім кесті. Ол арнаулы атағынан және мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.