Елордада соңғы екі аптада 4 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24». Осылайша, сырқаттанушылардың саны 9 жарым есе артты. Күніне 500-дей адамнан ауру табылуда. Егер шаһар «сары» аймаққа өтсе, вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғары жұмыс орындары және вакцинаға қарсы медициналық көрсетілімі бар қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріледі. Сонымен қатар кез келген ғимаратқа, кинотеатрлар мен бұқаралық шаралаға, концерттерге маска киіп бару ұсынылады. Одан бөлек, 10-нан артық адам қатысатын жиындарды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі. Айта кетейік, қазір елдің барлық өңірі жасыл аймақта.