Ресейдегі санкиялардың салқыны біздегі азық-түлік бағасына әсер етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді тауық еті мен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін. Қазір көрші ел бидай экспортына тамыздың соңына дейін шектеу қойды. Ал бұл құс азығының тапшылығына әкеледі деп қауіптенеді мамандар. Отандық құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтің сөзінше, құс етінің бағасы алдағы уақытта 20-30%-ке көтеріледі. Доллар бағамының күн санап өсуі де қымбатшылыққа ұрындырды. Соның кесірінен жұмыртқа бағасына 10 процент үстеме қосылуы мүмкін дейді.