Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 100 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қаражаттың қалған 900 млн теңгеден астамы алдағы жылғы республика бюджетте қарастырылған. Мердігер мекеме енді ұңғыма қазып, су жүйесін жөндеуге кірісуге тиіс. Баспасөз мәслихатында жауаптылар кенді шахармен қатар өңірдегі 58 елді мекеннің жер астындағы су қоры зерттеліп жатқанын айтты. Бұл жұмыстар Президент тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Мемлекет басшысы Жетісу жұртшылығымен кездесуде 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекеннің барлығын табиғи газбен қамтамассыз етуді міндеттеген болатын. Осыған байланысты жобалық сметалық құжат жасалып жатыр. Ернат Дүйсенбекұлы, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы: - 28 жоба қазір мемлекеттік сараптамаға кіруге дайын. Одан бөлек 43 жобаны жасап жатырмыз. Панфилов ауданында 14 елді мекен қалады. Оны келесі жылдың басында жасап бастасақ, сонымен бес аудан екі қаланы 25 жылдың аяғына дейін аяқтаймыз.