ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды. 16 желтоқсандағы дерекке сәйкес, ел өңірлерінде 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (–17 430+ және 2 666 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 536 пациент стационарда, 16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: - 294 адамның жағдайы ауыр; - 89 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 67 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. coronavirus2020.kz