Егер сақтандырылмаған болса, су тасқынынан қырылған малға өтемақы төленбейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистерге берген сұхбатында осылай деді. Ербол Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы министрі: – Су тасқынынан болған мал шығыны сақтандырылмаған жағдайда біздің заңнамалық негіздерде шығын төлеу деген жоқ. Сондықтан сақтандырылмаған малдың шығынын төлемейміз.