Штат – 880 адамға қарастырылған. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов фэйсбук парақшасында хабарлады. Ол Төтенше жағдайлар министрлігінде штат саны көбейіп, екі мыңға жуық адаммен толығатынын жеткізді. Сондай-ақ Премьер-министр Түркия мен Сириядағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, онда қаза болғандардың отбастарына көңіл айтты. Сонымен қатар іздеу-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған қазақстандық құтқарушыларға алғысын білдірді.