Ауру жұқтырғандар саны қараша айында күрт өсті. Дәрігердің көмегіне жүгініп, ем қабылдап жатқандардың дені 5 жасқа дейінгі балалар және вакцина алмағандар. Қараша айынан бері жеті мыңға жуық адамға екпе салынды. Олардың қатарында медицина қызметкерлері де бар. Ауруларға шалдыққан балалардың 30%-і ауруханаға жатқызылған. Ал қалғандары амбулаториялық ем қабылдайды. Өңірде қызылша дертінің өршуі соңғы рет бес жыл бұрын тіркелген. Әсел Байғанова, облыстық балалар ауруханасы директоры орынбасарының м.а.:- Иммундаудан өтпеген халықтың қарасы қалың. Ата-аналар кезінде балаларына екпе салдырудан бас тартқандықтан, ауру жұқтыру қаупі жоғары. Сол себепті ауруханамызда тек қызылшаға шалдыққан балаларға арналған бөлімше ашылды. Қалған науқастарды вирустық бөлімшеде қабылдаймыз. Төсек-орын саны 200-ге жетті.