26 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары. «Жасыл аймақта»: Түркістан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы.