«Жасыл ел» жасақтары әлеуметтік мекемелардің айналасын абаттандыруға атсалысты. Ақтөбелік студенттер Қарттар үйінің ауласына тал екті. Жасыл желектің жерсініп, тез өсеріне сенім мол. Себебі, қажетті күтім жасаймыз - дейді олар. Жалпы «Жасыл ел» студенттер бірлестігі биылғы маусымда 2 мыңнан астам көшет егуді жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бірнеше саябақ пен гүлзарды да ретке келтіреді. Нұржан Шаңғытбаев, «Jasyl el» жастар еңбек жасағының облыстық штабының төрағасы: - «Үміт» балалар үйіне де барып көмек беретін боламыз алдағы уақытта. Және де ертең мына «Батыс-2» ықшам ауданында жалпы қалалық ағаш отырғызу акциясы басталатын болады. Соған да өзіміздің атымыздан қолдауымызды көрсетіп, осы жастарымызбен бірге қаламыздың көгалдануына атсалысуға дайынбыз.