Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Алматыға қону себебі анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Ресми жауапта көрсетілгендей, ұшақ қолайсыз метеоахуалдан соң бағытын өзгертуге мәжбүр болған. «19 ақпанда Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының КС7325 әуе рейсі желдің қатты соғуынан бағытын бұрып, запастағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Алматыға 8:11-де штаттық режимде қонған. Одан кейін 10:30-да әуеге көтеріліп, 11:49-да Шымкент әуежайына қонды», - деді әуе компаниясынан. Бұған дейін FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонғанын хабарлаған болатынбыз.