Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның бөлесі Бақытжан Байжановқа қатысты 16-сот процесі өтіп жатыр. Бүгін оқиға болған күні, айыпталушы хабарласқан көріпкелден жауап алынды. Ол судьяға, өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтып, сотқа онлайн қосылуын сұрады. Судья өтінішін қабылдады. Көріпкелдің айтуынша, қайғылы жағдай болған күні Бишімбаев оған күндіз сағат төрттердің шамасында хабарласқан. Өзінің азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкеновамен төбелескенін және ол бірнеше сағат қимыл-қозғалыссыз жатқанын айтқан. Кей сөзінде «ол ұйықтап қалды, тіпті қорылдап жатыр деген. Бишімбаев «Салтанат аман қалады ма? Оған енді не болады?» деп сұрапты. Сондай-ақ оның есін жиюы үшін Ережеповадан дұға етуін өтінген. Алайда көріпкел жедел жәрдем шақыруды ұсыныпты. Бұл ретте айыпталушы Байжанов, көріпкелдің айтқандарын жоққа шығарды. Оның «жедел жәрдем шақыр» дегенін естімедім, деді.