Елордалық Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарының және жануарларға арналған баспаналардағы иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау мен зарарсыздандыру жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жалпы, қаңғыбас жануарлардың санын азайту бойынша іс-шаралар аясында елордада 1500 мысық пен 2500 итті зарарсыздандыру және кастрациялау жоспарлануда. Операция «INUCOBO» Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 52 мекен-жайы бойынша беретін талондардың негізінде жүргізіледі. Анықтама телефоны: 8 701-012 86 12. Қабылдау алдын ала жазылу бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Операция жасау үшін мысық немесе ит толығымен сау, құрттардан емделген, вакцинацияланған болуы, кастрациядан немесе зарарсыздандырудан 4-6 сағат бұрын аштық диетасын ұстануы керек.