Пандемия салдарынан металлургтер күні кең ауқымда тойланбаған. Жергілікті зауыт ұжымдарының төл мерекесі араға екі жыл салып қайта жанданды. Оксана Коновальцева, «Erg сервис» ЖШС қызметкері: -Компания ERG Kazakhstan устроил/ - ERG компаниясы үлкен мереке ұйымдастырды. Павлодарлықтар саябақта жиналып, бәрі мәз-мейрам. Енді халық болып мерекені тойлатып жатырмыз. Қуаныштымыз! Гагарин саябағында өткен «МетALL Fest» театр фестивалі өтті. Мерекені түрлі алаңдарда балаларға арналған квест, отбасылық тимбилдинг, қызықты шеберлік сабақтары және анимациялық бағдарлама қыздырды. Ирина Радченко, қала тұрғыны: - Балаларым дән риза. Тегін балмұздақ таратылып, қызықты бағдарлама әзірленіпті. Жаняұммен бірге көңіл көтердік. ERG компаниясына көп рахмет. Арт-фестивальдің орталық сахнасында алматылық ARTиШОК театрының «Мен Павликке сыйлық әкелдім» спекталі қойылды. Павлодар қаласының тарихы шығарманың негізіне айналды. Ольга Сұлтанова, театр продюсері: - Бағдарлама театраландырылған контентке толы. Ең бастысы, отбасылық форматты ұстандық. Алматылық «Артишок» театрының әртістері спектакль ұсынды. Ал кішкентай тұрғындарға анимациялық бағдарлама әзірледік. Интерактивті алаңдар жұмыс істеді. Мереке қаланың орталық жағалауындаға концертке ұласты. Ertis Promenade сахнасында танымал R&B орындаушылары мен диджейлері өнер көрсетті. Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков