Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апат ауаның ластануына әсер еткен жоқ. Бұл туралы экология геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда облыстағы Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауаны тексерген. Сондай-ақ «Қазгидрометтің» бақылау бекеттерінде де ауаның ластануы нормадан асып кеткен жағдай анықталған жоқ. Мониторингтік бақылау жұмыстары жалғасады.