20 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 20 583 адам коронавирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Олардың ішінде 5 914 пациент стационарда, 14 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 250 адамның жағдайы ауыр; • 64 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.