ШҚО-ның Катонқарағай ауданында Согорное-Барлық автожолының 11-шақырымында температураның көтерілуіне және екпінді желге байланысты көлемі 30 текше метр көшкін жүрді. Сондай-ақ көлемі 150 текше метр 14-шақырымдағы екінші учаскеде түскен. Жол жартылай жабылып қалды. Облыстық ТЖД мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың техникасы жұмылдырылып, МТЗ-80 тракторы жұмыс істеуде. Ауданның тыныс-тіршілігіне әсер еткен жоқ, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.