Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа адамдарға қатысты елден заңсыз шығарылған және қылмыс жолымен табылған ақшаны қайтару жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Осы желтоқсан айында Қайрат Сатыбалдыұлы заңсыз жолмен иемденген 120 миллион АҚШ доллары қазынаға қайтарылды. Бұл біздің валютаға шаққанда 55 миллиард 400 миллион теңгеден асатын сома.