Ақмола облысының Атбасар, Жарқайың, Есіл аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Оған жергілікті Жаныспай, Жабай, Есіл, Қызылсу өзендерінде су деңгейінің көтерілуі себеп. Қазір тұрғындар эвакуацияланып, төрт түлік қауіпсіз аймаққа айдалды. Өңірде 2 млн текше метр су сорылып, 150 мыңнан астам құм қапшықтарынан бөгеттер салынды. Тасқынның алдын алу үшін жалпы ұзындығы 200 км болатын каналдар мен арықтар тереңдетілді.