Қостанай облысында крипто қылмыс жасаған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Ол заңсыз крипто айырбастау пунктерінен 2,5 жыл бойы қолма-қол ақша алған, деп хабарлайды «Хабар 24». Сөйтіп, 180 млн теңге жымқырған. Күдіктіні Қаржылық мониторинг департаментінің қызметкерлері ұстады. Сот үкімімен оның 85 млн теңгеге бағаланған жылжымайтын мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар крипто биржа платформасындағы 2,5 мың АҚШ доллар цифрлық активтеріне тыйым салынды. Еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес Ресей азаматы заңсыз кәсіпкерлік үшін 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Жандос Кенжебаев, Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы: - Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталып, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Басқа да мәліметтер ашып көрсетуге жатпайды.