Түркиядағы жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірінде гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылды. Кешелі бері тұрмыстық, химиялық және гигиеналық заттар жиналды. Оның ішінде киім-кешек пен қорғаныш костюмдері де бар. Астанадағы Түркия елшілігі мен Алматы және Ақтау қалаларындағы консулдықтарда гуманитарлық көмек қабылдап жатыр.