Оксана Фокинаның Шымкент қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінде жұмыс істеп жатқанына 1 жылдан асты. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектерді тасымалдайтын инватакси қызметі бойынша азаматтар туралы мәліметтерді тіркейді. Ол мұнда компьютерді еркін меңгеріп алды. Алғашында қалам ұстауға қиналған қолдар уақыт өте келе тез икемге келді. Оксананың қолдары шынтағынан бастап өспей қалған. Туылғанынан кемтар қыз мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде тәрбиеленді. Осында тігін тігіп, сурет салуды үйренді. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.