«Құқықтық тәртіп» республикалық операциясын жүргізу кезінде ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді. Мәселен, Алматы облысының және Алматы қаласының екі тұрғыны жеке үйдің аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан. Сондай-ақ Алматы-Абай, Жамбыл, Қарағанды облыстарында есірткі заттарын тасымалдағандар ұсталды. Сарқытбай Құсайынов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары: - Жедел-профилактикалық іс-шараның 10 күнінде полиция заңсыз айналымнан 337 келі түрлі есірткі, оның ішінде 87 келі синтетикалық есірткі және 7 мыңнан астам трамадол дәрілік препараттың таблеткасы тәркіленді.