Жасанды интеллект жаһандық ақпарат алмасу кеңістігінде кеңінен қолданылып келеді. Оның көмегіне әлемдік агенттіктері де жүгінеді. «Алайда оған нақты дереккөз ретінде қарауға болмайды. Тек мәлімет жинауда, ақпарат жазуда жәрдемші құрал ғана», – дейді VІІ Халықаралық журналистика форумында сөз алған сарапшылар. Форум «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллектінің генерациясы» тақырыбын талқылап, зерделеуге арналды. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің медиа саласында еңбек ететін мамандар қатысты. Жасанды интеллектінің журналистикаға енуі – заңды құбылыс. Ол ауқымды ақпаратты өңдеуді, алдын ала болжам жасауды жеңілдетеді. Дегенмен нақты ақпарат беруде журналист өз түйсігіне жүгінуі керек», – дейді мамандар. Ал еліміздің медиа нарығында жасанды зерде 3 жыл бұрын қолданыла бастады. Гүлмира Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі: - Технология барынша дамығанымен, ол адамның орнын баса алмайды. Не болмаса ол адамның кейбір қызметін жақсартса да. Алдағы уақытта қандай қатерлер бар? Ол – ақпараттық қауіпсіздік жағынан қатер. Бұл – коммерциялық құпиялар қатері. Сондай-ақ жеке, дербес мәлімет қатерлері. Қаржылық саладағы. Сонымен журналистикадағы контентті ұрлап, көшіру, өңдеу мәселесі. Сондықтан да әлем алаңдауда.