Ермағанбет Бөлекбаев алдымен Майқұдықта төселіп жатқан жолдың құрылысымен танысты. Қазір мұнда 60 адам еңбек етеді. 50 техника тартылған. Сосын әкім 7 бірдей магистральді аралады. Қазір онда жылу құбырларын ауыстырып жатыр. Кейін мердігерлер төңіректі толықтай абаттандырмақ.