Ашығып, әлсіреп қалған киелі құс Железинка ауданынан облыс орталығына әкелінді. Ветеринарлық клиникада аққуды мамандар тексеріп, әрі қарай Павлодар ауылындағы жараланған аң-құстарды ұстайтын шағын зоопаркке орналастыруға шешім қабылдады. Сұңқылдақ аққуды клиникаға келушілер Даниэль деп атады.