Шымкенттегі білім басқармасының қызметкерлері жекеменшік балабақша директорларынан жүйелі түрде пара алып отырған. Мектепке дейінгі мекеме жетекшілері қаражатты аяқ асты мониторингтік топтың келіп қалмауы үшін берген. Олар бала санын, санитарлық және медициналық талаптардың сақталуын қадағалауы тиіс болатын. Әрі өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін, лайықты деңгейде жабдықталуын бақылауы керек еді. Шахардағы бармақ басты көз қысты әрекетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің қалалық департамент қызметкерлері әшкерледі. Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте білім саласын дамытуға 200 млрд теңге бөлінген. Алексей Колосков, ҚР СЖҚІҚ агенттігі қалалық департаментінің басқарма басшысы - Департамент тарапынан Шымкент қалалық білім басқармасының қызметіне кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде бірқатар лауазым иелері ұсталды. Күдіктілерге қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.