Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті. Сенат спикері Кипрді Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін назар аударды. Сондай-ақ екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын одан әрі жандандырудың маңыздылығына тоқталды. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы байланыстарды да арттыру мәселесін талқылады.