EXPO-2017 көрмесін ғарыштан да айқын көруге болады. Халықаралық шара нысандары ғарыштан суретке түсірілді. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кадрлар қазақстандық KazEOSat-1 ғарыш аппараты және, «Плеяды» француз компаниясының Airbus DefEnse and Space аппаратымен түсірілген. Олар 2015-2017 жылдар аралығындағы құрылыс барысынан 21 сурет таспалаған. Сондай-ақ Қазақстан және француз мамандары бірігіп бейнеролик те жасапты. Онда Сарыарқа төріндегі EXPO-2017 көрмесінің құрылысы қалай жүргізілгені анық көрінеді. Айта кетейік, KazEOSat-1 – алғашқы қазақстандық спутник.