383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананың сол жағалауында құбыр жарылды

  • 2147
  • UPD: 14:27, 23.07.2017

Астанада сол жағалаудағы бірқатар көшенің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан ауызсусыз қалды.

Бұл туралы Есіл ауданы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында хабарланды. «Құрметті Есіл ауданының тұрғындары! Бүгін, 23 шілдеде сағат 06:35-те Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» МҚК жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін қанша тұрғын үйге ауызсу беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанша суды көлікпен тасу  ұйымдастырылады»,  – делінген хабарламада.   

 

Хабар 24 телеарнасы