386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


#24KZ сауалнамасы: Ғаламтор шырмауы

  • 7218
  • UPD: 19:14, 31.07.2015
#24KZ сауалнамасы: Ғаламтор шырмауы

Әлеуметтік желіні қолданасыз ба? Күніне қанша уақыт жібересіз? Өзіңізді әлеуметтік желілерге тәуелдімін деп санайсыз ба? Балаларыңызға қанша жастан бастап қолдануға рұқсат бересіз?

Олардың ғаламторда кіммен араласып, не істеп отырғанын қадағалайсыз ба? Осындай сұрақты арқалаған #24KZ арнасы елорда тұрғындары мен қонақтарының арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға қатысқан 11 адамның 1-еуі ғана әлеуметтік желілерде тіркелмеген болып шықты. Респонденттердің көбі желілерде күніне 3-4 сағатын жұмсайтыны анықталды, сонымен қатар тәуліктің 24 сағатын өткізетіндер де кездесті.

Мен әлеуметтік желілерді қолданамын. Мысалы, Viber, ВКонтакте желісінде бармын және оларға тек керек кезде кіріп, тиімді қолдану керек деп ойлаймын. Кенже балам 8 жаста, үйренгеннен бастап отырады. Не істеп отырғанын, кіммен араласатынын үнемі бақылаймыз.

Мен – әлеуметтік желілердегі белсенді қолданушылардың бірімін. Viber, ВКонтакте, WhatsApp, Skype жане басқа да желілерде тіркелгенмін. Күніне 3-4 сағаттан көп уақытым ғаламторда өтеді. Жұмысым әлеуметтік желілермен тығыз байланысты. Әр 15-20 минут сайын парақшаны тексеріп отыруым керек. Балаларымызға келсем, оларға тек 8-9 жасынан қолдануға рұқсат бердік. Ал оған дейін тыйым салғанбыз. Қазірдің өзінде балаларымыздың әрекетін жасырын болса да, қадағалап отырамыз.  

Әрине, әлеуметтік желіде тіркелгенмін. Нақтырақ айтсам, WhatsApp, ВКонтакте, Instagram-да бармын. Әйтеуір күнімнің жартысынан көбі осы желілермен өтеді. «Таныстарым іздеп қалды ма?» деп кейде тексеріп те қоямын. 12 жастағы інім 1-2 жыл бұрын ғана желілерді қолдана бастады. Оны өзім қадағалап, қажет болса, шектеу қойып отырамын.

Өз басым күніне 1-2 сағатымды әлеуметтік желілерге арнаймын. Маған хат келгенде ғана кіріп қарайтыным болмаса, жалпы тәуелділігім жоқ. Бауырларым да желілерде тіркелген, бірақ оларды қатаң қадағалаймын деп айта алмаймын.

Қытайда Facebook, ВКонтакте деген желілер жоқ. Ол жақта WeChat [Вэйсинь] деген желі арқылы хабарласып тұрамыз. Балаларымыз ғаламтормен қолданады, мектепте кішкентайынан үйретеді. Жастардың интернетте көп уақытын зая кетіретіндерін жақтыртпаймын, себебі бұл денсаулыққа зиян.

Көбінесе WhatsApp, ВКонтакте желілерінде достарыммен хабарласып отырамын. Тек келген хабарламаларға жауап беремін. Күніне ең көп дегенде 1-2 сағат бөлемін. Оның өзі біреуге құжат, сурет, хабарлама жіберу үшін керек. Меніңше, 13 жастан бастап әлеуметтік желіні қолданған дұрыс. Сонымен қатар оларды қатаң қадағалау керек. Қанша уақыт отыратынын, кіммен араласатынына мән беру керек.

Дархан, 22 жаста, құрылысшы:

Маған көбінесе ВКонтакте, WhatsApp ұнайды. Кешкісін 2-3 сағатымды әлеуметтік желілерде өткіземін. Күндіз ұялы телефонға қарайтын уақыт та болмайды. Заманға сай болу үшін оны да білу керек, бірақ шегінен аспау қажет.

Жанар, 19 жаста, студент:

Мен әлеуметтік желілерде белсендімін. Қатты тәуелдімін деп те айта алмаймын, бірақ тәулік бойы желідемін. Көбінесе Instagram-нан қазақстандық жұлдыздардың өміріне байланысты жаңалықтармен танысуға болады. Жылдам әрі суретімен шығады.

Әлеуметтік желілерді сирек қолданамын. Интернетке тәуелді болудың зияны жоқ деп ойлаймын. Ол жастарды дамытып, жан-жақты болуына мүмкіндік береді. Ал балаларға келетін болсақ, онда екіжақты пікір туады. Бір жағынан бала заманына сай техниканы білсе, екінші жағынан – зиянды.

Әлеуметтік желіде мүлдем отырмаймын. Маған қызықты емес. Ел мен әлемде не болып жатқанын ғаламтордан оқимын, ал достарыммен жиі кездесіп, жаңалықтарын өз ауыздарынан естимін.

 Мен әлеуметтік желілерді екі мақсатта: жеке және жұмыс бабымен қолданамын. Жұмысым интернетпен тығыз байланысты болғандықтан, күніне 3-4 сағат жұмсаймын. Ал жеке парақшаларыма түнге қарай кіремін. Өзімді желілерге тәуелдімін деп ойламаймын. Жеке парақшаларым елдегі және шетелдегі достарыммен араласу үшін қажет. Қызымызға қазірден бастап телефон бермейміз, тіпті теледидар қарайтын уақытты да шектейміз. Себебі балақайлар оған тез үйреніп кетеді. Баланың әлеуметтік желілерге тәуелді болуына ата-анасы жауапты деп ойлаймын. Қызыма жеке парақша ашуға 8-9 жасында ғана рұқсат беретін шығармын, бірақ өзім міндетті тұрде бақылауға аламын. 

Материалды дайындаған Мақбал Даирова.

Суреттер: Асхат Нурекин.

Хабар 24 телеарнасы