Елордадағы цехта өрт болды
![Елордадағы цехта өрт болды](/media/k2/items/cache/5fd197f62c7c6166ba6c4d9430b9ec88_XL.jpg)
23 қаңтарда сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шықты.
Сағат 21.26-да шақырудың жоғары дәрежесі бойынша келіп жетуі бойынша жиһаз жасайтын өндірістік цехта 1200 шаршы метр алаңда жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 22.40-та оқшауланып, сағат 23.19-да жойылды. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі