Алматы тауларында адасып кеткен балалар құтқарылды

Дәл қазір Алматы тауларында жоғалып кеткен балаларды құтқару операциясы жүріп жатыр.

Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева мәлімдеді. Оның сөзінше, кәмелетке толмаған жеті адам Медеу ауданындағы Құмбел шыңына өз бетінше шығып, қайта түсе алмай қалған. Олар кешкі 20:30 шамасында 112 номеріне хабарласып, көмек сұраған.