Қарағандыдағы зауыт қайтыс болған жұмысшының отбасына көмек көрсетеді

Қарағанды ферроқорытпа зауытыдағы оқыс жағдайдан қайтыс болған жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі деп хабарлайды 24kz.

Жұмыс беруші 10 жылдық жалақыны өтеуді, отбасының тұрғын үй жағдайын реттеуді, несиелерін төлеуді мойнына алатынын мәлімдеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Ауруханада тағы 7 адам жатыр. 5-еуінің жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде. Енді екеуі комбустиология бөлімінде ем қабылдауда.

Еске салсақ, 20 шілде күні ферроқорытпа зауытының №1 пешінен жалын шарпып, 8 жұмысшы зардап шеккен еді. Оқыс оқиғаға қатысты арнайы комиссия тексеріс жүргізуде.