Ақтөбе облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
![Ақтөбе облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды](/media/k2/items/cache/5ccad9976416405be61e742c2b653d14_XL.jpg?t=20241107_021858)
Ақтөбе облысында 2 ер адам көлікпен мал қарауға шығып, қарда тұрып қалған.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар автокөлікті эвакуациялады. Қайтар жолда дәл солай қар құрсауында қалып қалған тағы бір темір тұлпар ішіндегі 2 адам құтқарылды. Қазір барлығы дерлік тұрғылықты жеріне жеткізілді. Мамандардың айтуынша, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.