Батыста мал ұрлағандар ұсталды

Батыс қазақстандық полицейлер мал ұрлығымен айналысқандарды қолға түсірді.

Төрт адамнан құралған қылмыстық топ Тасқала ауданында жайылымда жүрген 44 бас жылқыны көрші ауылға апарып қамаған. Келген шығын 17 миллион теңге. Қазір ұрланған мал иелеріне қайтарылды. Баукеспе барымташылар қамауға алынды. Олардың екеуі бұрын сотталған. Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, өңірде тек жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 7 қылмыс тіркелген.

Нұрлан Бисенов, БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының м. а:

-Мәселен Жәнібек ауданында жыл басында  бір адам осындай қылмыспен ұсталды.  Ол малды ұрлап, сойып, терісін жинап тастай берген. Заттай айғақтар алынып, іске тіркелді. Жалпы былтыр мал ұрлығының  89 фактісі анықталды. 14 қылмыстық топ ұсталды. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 92 адам қамауға алынып, тиісті жазасын алды.