Алматыда ғимараттан өрт шықты
Алматыда үш қабатты ғимарат отқа оранды, деп хабарлайды 24KZ. Қызыл жалын шарпыған нысан Әуезов көшесі бойында орналасқан. Оқыс оқиға туралы ақпарат түскен бойда құтқарушылар жедел әрекетке кірісіп, өрттің аумағын оқшаулауға көшкен.
«Қазіргі таңда қауіп сейілді, зардап шеккендер жоқ», – дейді мамандар. Алдын ала болжам бойынша өртенген бизнес орталық болуы мүмкін. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.