Оралда кетіп бара жатқан адамның басына кірпіш құлап, қайтыс болды

Оралда көшеде кетіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш құлады.

Оқыс оқиға Әлия Молдағұлова көшесінде болды. Зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған. Жазатайым оқиғадан мерт болған кісі 1956 жылы туған. Қазір Қылмыстық Кодекстің 277-бабы, 2-бөлігі, яғни құрылыс жұмыстарында қауiпсiздiк ережелерінің бұзылуынан адам өлiмiне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұржан Қуанғали, полиция департаментінің ресми өкілі:

- 29 қаңтар күні Орал қаласындағы Жуков көшесі, 14 мекен-жайында салынып жатқан 9 қабатты үйдің маңында кірпіш құлау оқиғасы тіркелді. Яғни өтіп бара жатқан ер адамның басына кірпіш құлаған. Қазіргі уақытта  аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.